
Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Бұл жолы баспана кезегінде тұрған 30 отбасы коммуналдық үй қорынан жалдамалы пәтерлерге ие болды.
🔷 Көп қабатты үйлер Асар-2, Тұран және Бозарық шағынаудандарында орналасқан.
🔷 Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Қала әкімі тұрғындарды қоныс тоймен құттықтап, жаңа шағынаудандардың кешенді дамып жатқанын атап өтті, мұнда үйлермен қатар инфрақұрылым да қатар салынуда.
🔷 Айта кету керек, пәтерлер Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, толық емес отбасыларға және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұяларға, мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1184747?lang=kk

Жауап қалдыру