
Бесқоспа ауылдық округі аумағында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жоспарлы түрде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойындағы су өткізгіш құбырларды қардан, мұздан және жиналған қоқыстардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл шаралар еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз етіп, жолдарды су басу қаупін азайтуға бағытталған. Қазіргі таңда арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, қауіпті учаскелер тұрақты бақылауға алынған.
Алдағы уақытта да су тасқынының алдын алу мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады. Тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше жағдайлар кезінде жауапты қызметтердің нұсқауларын орындауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-beskospa/press/news/details/1184867?lang=kk

Жауап қалдыру