Көпжылдық еңбектің лайықты бағасы: ғалым Оңдасын Әшімов марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көпжылдық еңбектің лайықты бағасы: ғалым Оңдасын Әшімов марапатталды

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, академик Оңдасын Әшімовке Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысын табыстап, «Барыс» орденінің төсбелгісін тапсырды.

Марапаттау рәсімі барысында ғалымның ғылым саласындағы ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегі, ұлағатты ұстаз әрі қоғам қайраткері ретінде отандық білім беру жүйесін дамытуға және жоғары білікті кадрлар даярлауға қосқан айрықша үлесі атап өтілді.

Талғат Ілиясұлы Мемлекет басшысының алғысында Оңдасын Байкенұлының көпжылдық педагогикалық қызметі, Манаш Қозыбаев атындағы университеттің білікті мамандар даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде қалыптасуына қосқан елеулі үлесі ерекше көрсетілгенін жеткізді.

Сондай-ақ ғалымның энергетика саласын кешенді зерттеуге және отандық ғылымның әлеуетін арттыруға бағытталған іргелі еңбектері жоғары бағаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1184894?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді