Мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың құқықтары туралы ақпарат берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні “Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті” РММ халықты әлеуметтік қорғау саладағы бақылау бөлімінің мамандарымен Шалқар ауданында профилактикалық бақылау өткізу кезінде “Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ әлеуметтік қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың негізгі нормалары талқыланды. Сонымен қатар “Алеумет” әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну бойынша, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды гигиеналық құралдармен қамтамасыз етудің тоқсан сайынғы тәртібі бойынша түсіндіру өткізілді. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, сондай-ақ порталға келіп түскен шағымдар саласындағы мәселелері де қозғалды. “Заң және тәртіп” акциясы аясында мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың құқықтары туралы ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1184738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді