НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚОНАҚҮЙЛЕРДІҢ БӘРІ ТУРИСТЕРГЕ ТОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🔰Көктемнің жаршысы болған Наурыз мейрамы қарсаңында Түркістан қаласы ерекше құлпырып, қарбалас көбейді. Биыл да көне шаһар туристердің негізгі бағыттарының біріне айналып, қаладағы қонақүйлердің барлығы дерлік келушілерге толды.
🔰Бүгінде тарихи шаһарға шет мемлекеттерден және еліміздің басқа өңірлерінен келушілер саны күрт артуда. Қазірдің өзінде қонақүйлердегі жатын бөлмелердің 90%-ға жуығы толған.
🔰Мерекелік демалыс күндерге барлық қонақүйлердегі төсек-орындар толық брондалған. Сонымен қатар 21 наурыз күні Алматы-Түркiстан-Шымкент-Ташкент-Самарканд пойызымен 250 турист келеді деп күтілуде.
🔰Туристерге 71 орналастыру орны, 1443 бөлме, 3104 төсек-орны қаралған. Сонымен қатар әуе билеттері толық сатылуда.
🔰Мереке қарсаңында пойыздағы жүктемелікті азайту мақсатында 16-29 наурыз аралығында қосымша рейстер жоспарланған.
🔰Айта кету керек, алдын ала есепке сәйкес 2025 жылдың қорытындысымен өңірге саяхаттаған туристер саны 500 мың адамнан асып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 15,9%-ға өскен. Тарихи орындарға 1 012 мың адам саяхаттап, өткен жылдан 13%-ға артқан. Айта кетейік, облыста туристерге қызмет көрсететін 265 орналастыру орны жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,7%-ға өскен.
🔰Наурыз мерекесінде Түркістандағы атшабарда ұлттық спорттың 10 түрінен халықаралық, республикалық жарыстар өтеді. Сонымен бірге Түркістанда республикаға танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттер және өзге де мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтар дәріптеледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1184881?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді