Наурызнама аясында ұлттық спорт пен дәстүрлі ойындарды насихаттауға арналған шара ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Елордадағы Республикалық физика-математика мектебінің филиалында Наурызнама онкүндігі шеңберінде Ұлттық спорт күніне орай спорттық шара өтті. Шараны Конституциялық Сот оқу орны әкімшілігінің қолдауымен, Жоғарғы Соттың Сот әкімшілігімен және «Право» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Жарысқа аталған ұйымдар қызметкерлерінің балалары арасынан құрылған төрт команда қатысты.

Шара бағдарламасына «Асық ату» және «Ләңгі» ұлттық ойындары, сондай-ақ «Наурыз көже дайындау», «Шашу жинау», «Бәйге» және «Батырды киіндіру» сияқты дәстүрлі сайыстар енгізілді.

Сонымен қатар қатысушылар Наурыз мерекесіне арналған викторинаға қатысты.

Қатысушыларға Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов пен оқу орнының директоры Думан Кенжалин құттықтау сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылар Наурыз мерекесі – табиғаттың жаңаруын білдіретін кезеңде, 15 наурыз күні азаматтар жаңа Конституцияны қабылдау үшін дауыс бергенін атап өтті. Бұл Қазақстанның жаңаруы мен одан әрі дамуының дәйекті үдерістерін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1185527?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді