Облыстық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен облыстық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа Шығыс Қазақстан облысы бойынша балалардың құқықтары жөніндегі уәкіл, прокуратура, полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері, облыстық басқармалардың басшылары, сондай-ақ қалалық және аудандық комиссиялардың төрағалары қатысты.

Отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қаралды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, тәуекел факторларын ерте анықтау және балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру қажеттігі атап өтілді. Ерекше назар отбасы және білім беру ұйымдарымен жүргізілетін жұмысқа аударылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды репродуктивтік денсаулықты қорғау саласында ақпараттандыру және ағарту жұмыстарының тиімділігі мәселелері қаралды. Алдын алу іс-шараларының қамту аясын кеңейту және жасөспірімдердің медициналық сауаттылық деңгейін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс барысында прокуратура органдарының өкілдері  Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы                  № 245-VIII ҚРЗ «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының нормаларын түсіндіріп, құқық бұзушылықтардың алдын алудағы жаңа тәсілдер мен мемлекеттік органдар қызметін үйлестіруді күшейту шараларын жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ведомствоаралық жұмыстың тиімділігін арттыруға, профилактикалық шараларды күшейтуге және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1185190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді