
Қайырымдылық күні қарсаныңда Қасым Аманжолов ауылдық округінде игі іс жалғасын табуда.
Ауылдық округ әкімдігінің ұжымы, ветеринария қызметкерлері, Қазпочта бөлімшесі, клуб үйі мен кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ электр және байланыс жүйесіне жауапты мамандар бірлесе отырып, ауылдағы әлеуметтік осал топтағы отбасыларға көмек көрсетті.
Қайырымдылық шарасы барысында мұқтаж жандарға азық-түлік және тұрмыстық қажеттіліктер таратылды. Бұл бастама ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен жанашырлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осындай игі іске атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Бірлік бар жерде – береке бар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-amanjolov/press/news/details/1185332?lang=kk

Жауап қалдыру