Қарағанды облысында өткен жылы 281 егіз дүниеге келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында 2025 жылы 13 879 бала дүниеге келді. Жаңа туғандардың сәл басым бөлігі ұл балалар — 51,5%, ал қыздар — 48,5%. Жалпы туу коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 12,25-ті құрады.

Бұл мәліметтерді облыстық статистика департаменті ұсынды.

Талдау нәтижесіне сәйкес, дүниеге келген сәбилердің 27,3%-ы — отбасындағы тұңғыш, 26,2%-ы — екінші, ал 21,8%-ы — үшінші бала.

Өңір бойынша әйелдер орта есеппен 30 жаста ана атанады.

2025 жылы облыста 281 егіз және үш үшем дүниеге келгені анықталды.

Сондай-ақ статистика департаменті неке мен ажырасу жағдайына да талдау жүргізді.

2025 жылы Қарағанды облысында 7154 жаңа отбасы құрылса, 3858 жұп ажырасқан.

Ер адамдар алғаш рет орта есеппен 28,7 жаста үйленеді. Әйелдер отбасы құруға ертерек шешім қабылдайды — олардың орташа жасы 26 жас.

Статистикаға сәйкес, некенің ең көп тіркелетін кезеңі — жаз мезгілі, ал өткен жылы ең танымал ай шілде болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1184703?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді