Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінде міндеттерді пысықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның Каспий теңізіндегі секторында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері кемелерінің қатысуымен оқу-жаттығу өтті.

Әскери-теңіз күштерінің күш-құралдары жедел режимді қамтамасыз ету шараларын орындау аудандарына жіберілді.

– Теңіздегі экономикалық қызмет нысандарын қорғау және бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелеріне жіті назар аударылды, – деді оқу-жаттығу жетекшісі – Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-ші дәрежелі капитаны Қанат Ниязбеков.

Теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальоны мен суасты диверсиялық күштеріне қарсы күрес ротасының жеке құрамы шартты түрде террористер басып алған азаматтық кемені босату тапсырмасын орындады.

Аталмыш оқу-жаттығу командирлердің күш-құралдарды басқарудағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге ықпал етті. Маневрлер барысында бөлімшелердің жеке құрамы жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, қойылған міндеттерді орындауға толық әзір екенін дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1185199?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді