Қоғамдық Кеңес отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық Кеңес отырысы

2026 жылдың 19 наурыз айында, сағат 10:00-де Жарма ауданы әкімдігі ғимаратының Кіші залында, Жарма аудандық мәслихат төрағасы М.Оспанбаевтың қатысуымен Абай облысы Жарма ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында:

  1. Жарма ауданының 2025 жылғы есепті қаржы жылындағы Шар қаласы, кенттер мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы.
  2. Абай облысының даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізілуі, Жарма ауданында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы.
  3. Жарма ауданы тұрғындарына медициналық көмек көрсету және көрсету сапасы туралы.
  4. Жарма аудананда тіл мәдениетін арттыру және мемлекеттік тілдің рөлін күшейту туралы баяндамалар тыңдалды.

Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқылау барысында Кеңес мүшелерімен көтерілген мәселелер жөнінде мекеме басшыларына тиісті ескертулер мен ұсыныстар ұсынылды. Ауданның елді мекендеріндегі өзекті мәселелердің шешілу жолдары талқыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zharma-maslihat/press/news/details/1185415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді