ҚҚС қайтару және қарызды өндіріп алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Әкімшілендіруді жетілдіру шеңберінде ҚҚС-ты қайтару тәртібі қайта қаралды.

        ҚҚС-ты қайтарудың жеңілдетілген тәртібі кеңейтілді – енді оны нөлдік айналым үлесі кемінде 50% болған жағдайда барлық экспорттаушылар қолдана алады.

        Қайтару тексеру жүргізілмей, тәуекелдерді автоматтандырылған бағалау негізінде 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, ал жалпы белгіленген тәртіпте ҚҚС-ты қайтару мерзімі 75-тен 55 жұмыс күніне дейін қысқартылды, бұл экспортқа бағытталған компаниялардың қаражат айналымын жеделдетуге ықпал етеді.

       Сонымен қатар берешекті өндіріп алуға сараланған тәсіл енгізілді.

      Шекті мән ұлғайтылды:
    •    салықтық берешек бойынша 6 теңгеден 20 АЕК-ке дейін (86 500 теңге)
    •    әлеуметтік аударымдар бойынша 1 теңгеден 6 АЕК-ке дейін (25 950 теңге)

      Сондай-ақ, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімі жеңілдетілді, оның ішінде кепілсіз, 1500 АЕК-ке дейінгі салықтық берешек бойынша бір жылға дейінгі мерзімге.
       Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов хабарлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1185232?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді