
2026 жылғы 18-20 наурыз күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — әкімшілік айыппұлдарды өндіру, берешегі бар азаматтарды анықтау және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Іс-шара барысында: • Айыппұл төлемеген борышкерлер анықталады; • Қарыздарды мәжбүрлеп өндіру шаралары жүргізіледі; • Жол қозғалысы ережелерін бұзған тұлғалар тексеріледі. Құрметті аудан тұрғындары! Уақытылы төленбеген айыппұлдар қосымша қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сондықтан берешектеріңізді дер кезінде өтеп, заң талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз. Заң талаптарын сақтау — әрбір азаматтың міндеті!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1184723?lang=kk

Жауап қалдыру