Родинада жаңа Өнер мектебі есігін айқара ашты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 наурыз күні әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында маңызды оқиға орын алды. Ақмола облысы, Целиноград ауданының Родина ауылында алғаш рет Өнер мектебі ашылып, ауыл балалары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.
Бұл игі бастама – мемлекет пен жеке сектордың тиімді ынтымақтастығының нақты көрінісі. 2025 жылы «Родина» агрофирмасы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіп, жас өрендердің шығармашылық қабілетін дамытуға барлық жағдайды жасады. Жаңартылған мектеп қабырғасында хорда ән айту бөлімі, арнайы фортепиано сыныбы және дайындық топтары жұмысын бастады. Өнер ордасы 50 балаға арналған.
Салтанатты шара барысында Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысы Тұрар Қаратаев ауыл тұрғындарын жаңа өнер мектебінің ашылуымен құттықтап, білім басқармасы атынан 1,5 миллион теңгенің сертификатын табыстады. Бұл – жас таланттарды қолдауға бағытталған нақты қадам.
Жаңа мектеп – тек білім ордасы ғана емес, ауыл балаларының арманын қанаттандыратын, өнерге деген сүйіспеншілікті оятатын рухани орталыққа айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-rodina/press/news/details/1184818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді