СЕРВИСТІК ӘКІМШІЛЕНДІРУ МОДЕЛІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Цифрлық трансформация аясында салық төлеушіге және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына бағытталған салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу жүзеге асырылуда.

      Негізгі міндет – салық міндеттемелерін орындау үшін түсінікті әрі қолайлы жағдай жасау және бизнесті оның қызметінің барлық кезеңдерінде сүйемелдеу.

      Қателерді азайтуға және бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құралдар енгізілуде.

      Атап айтқанда, жүзеге асырылуда:

     – ақпараттық жүйелер деректері негізінде декларация тапсырылғанға дейін сәйкессіздіктерді анықтауға мүмкіндік беретін салық есептілігін алдын ала толтыру, бұл қателер мен камералдық хабарламалар санын азайтады;

    –  салық органдары мен салық төлеушілер арасында ақпарат алмасуды ерте кезеңде қамтамасыз ететін горизонталды мониторинг дамытылуда. Қазіргі уақытта бұл механизм 2026 жылдың соңына дейін ірі салық төлеушілер үшін пилоттық режимде қолданылып, кейін орта бизнеске таратылады;

    – салық төлеушінің кабинетінде бизнеске салықтық тәуекелдерді алдын ала бағалауға және оларды жою шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін өзіндік камералдық тексеру функционалы енгізілуде.

      Бизнесті сүйемелдеудің цифрлық сервистерін дамыту көзделген – тіркеуден бастап қызметін тоқтатуға дейін (толық өмірлік цикл), оның ішінде ақпараттық электрондық сервистер, цифрлық құжаттар, негізгі салық оқиғалары туралы хабарламалар, жекелеген рәсімдерді автоматтандыру.

     Қосымша түрде тәуекелдер мен сәйкессіздіктер туралы автоматты түрде хабарлауға мүмкіндік беретін шешімдер енгізілуде, бұл деректерді уақтылы түзетуді және бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуге тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1185285?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді