
«Алтын қақпа» — көрші қонған қазақ пен өзбек отбасының тағдырын тоғыстырған, күлкі мен ойға толы комедия. Ұл мен қыздың адал сезімі екі елдің ынтымағын бекемдеп, құдалық пен тойға дайындық басталған сәтте күтпеген жағдай орын алады — екі үйдің арасынан алтын табылады.
Кенеттен келген байлық көршілік қарым-қатынасты сынаққа салып, адамдардың мінезін, ниетін, пенделік пиғылын әшкерелейді. Алтын үшін болған әбігер, тартыс пен күлкілі жағдайлар арқылы спектакль көрерменді еріксіз күлдіріп қана қоймай, адамгершілік, татулық пен ынтымақ жайлы ой тастайды.
«Алтын қақпа» — әзіл арқылы өмір шындығын ашатын, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын әсерлі сахналық туынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1184987?lang=kk

Жауап қалдыру