ШҚО командасы биатлоннан Қазақстан чемпионатында 1 орын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Риддерде жасөспірімдер арасында биатлоннан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы жеңіске жетті.

Жарысқа елдің 10 өңірінен 100-ге жуық спортшы қатысты. Шығыс Қазақстанның атынан 19 биатлоншы сынға түсіп, бірнеше сайыс түрі бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Спортшыларымыз жеке жарыс, спринт және пасьют бойынша алтын медальға қол жеткізді. Сонымен қатар эстафетада тамаша өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Турнирдің абсолютті көшбасшысы ретінде Егорь Немцев танылды. Сондай-ақ Милена Машковская, Валерия Трифонова, Варвара Небогатова және Евгений Полторанин жоғары нәтижелерімен ерекшеленді. Нәтижесіндешығысқазақстандық спортшылар командалық есепте 1 орынға табан тіреп, елдегі ең мықты құрама мәртебесіне ие болды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1184705?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді