ШҚО өзендерінде су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемгі су тасқыны кезінде судың еркін өтуін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай алдын алу шаралары екі күн бойы Алтай ауданының Богатырево, Зубовск, Быково ауылдарындағы Бұқтырма өзенінде өтті. Мұзды ұсақтау жұмыстарының жалпы аумағы 52 245 шаршы метрді құрады. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде хабарлады.

Осыған ұқсас жұмыстар Үлкен Нарын ауданына қарасты Сенное ауылындағы Бұқтырма өзенінде де жүргізіліп, 9 076 шаршы метр аумақ қамтылды.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтың айтуынша, мұз жару жұмыстары оның біртіндеп қозғалуына мүмкіндік беріп, елді мекендерге қауіп төндірмейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1185083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді