
2026 жылғы 13 наурызда Департаменттің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы С.Н. Карабекованың және медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама бақылау бөлімінің басшысы С.А. Картпаеваның ұйымдастыруымен семинар өткізілді.
Семинарға «Куаныш» ЖШС, «Абсолют-Технолоджи» ЖШС және №7 қалалық емхананың ДКК дәрігерлері қатысты.
Іс-шара барысында мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыруды бетпе-бет және сырттай проактивті форматта жүргізу, сондай-ақ пациенттерді куәландыруға, оның ішінде 7 жасқа толған балаларды уақтылы жолдау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу қағидалары мен техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі түсіндірілді.
Семинар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланып, жаңа Конституция жобасына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы ақпарат жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1184736?lang=kk

Жауап қалдыру