
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде тергеу бөлімдерінің қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған «Тергеуші кубогы» өтті.
Іс-шара аясында қатысушылар заңнаманы білу деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін, сондай-ақ күрделі тергеу жағдайларында шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Қызметкерлер күнделікті жұмыста кездесетін нақты қызметтік жағдайларды модельдейтін практикалық тапсырмаларды орындады.
Байқаудың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған — Департаменттің аға тергеушісі Мулдашева А. Ол кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, барлық тапсырмаларды сенімді орындап, ең көп ұпай жинады.
Енді Мулдашева А. Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің атынан «Тергеуші кубогының» келесі кезеңінде өңір намысын қорғайтын болады.
Департамент басшылығы жеңімпазды құттықтап, алдағы уақытта табыс тіледі. Сондай-ақ мұндай іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби дағдыларын дамытуға және тергеу қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-zko/press/news/details/1185242?lang=kk

Жауап қалдыру