
18 наурыз күні Наурыз мерекесінің қарсаңында Көкдөнен ауылдық мәдениет үйінде “Туған жерге тағзым – Асыл аналарға сағынышты сәлеміміз” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс шараға ауылдық округ әжелері шақырылып, бірқатар әжелер ауданның “Құрметі ардагері” төсбелгісімен марапатталды.
Іс-шараға демеуші болған ауыл ағалары Ж.Есбергенов, Р.Абдикадиров, К.Теметаев, Н.Ұзақбаев және Б.Тайлықов әжелерге жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.
Іс-шараның мақсаты ауылдан шыққан 1951 жылғы ауыл ағаларының туған жерлеріне, ауыл әжелеріне деген құрметін көрсету, жастарға үлгі болу. Игі іске ұйытқы болған азаматтарға ауыл әжелері алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kokdonen/press/news/details/1185422?lang=kk

Жауап қалдыру