
18 наурыз – Ұлттық киім күні Қайнар ауылдық округінде аталып өтті. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.
Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Әрбір ою-өрнек, әрбір түйме мен зергерлік бұйым белгілі бір мағынаға ие. Қазақы шапан, камзол, сәукеле, тақия, белбеу мен етік – халқымыздың өмір салты мен эстетикалық талғамын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kainar/press/news/details/1184912?lang=kk

Жауап қалдыру