
Наурызнама онкүндігі аясында мәдениет пен салт-дәстүр күніне орай «Жігер» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында бөлім тәрбиеленушілері арасында «Күй тартыс» сайысы өтті. Домбыраның күмбірлеген үні сахнаны тербеп, қатысушылар өз шеберліктері мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін паш етті.
Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені «Өркен» бөлімінің тәрбиеленушісі Конаков Санжар иеленді. Жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар: 7–10 жас — «Рақым» бөлімінен Толегенов Сұлтанмахмут, 11–13 жас — «Балшуақ» бөлімінен Қайырбай Іңкәр, 14–17 жас — «Рақым» бөлімінен Аннажар Аружан. Жүлделі орындарға Ерсайн Айкөркем, Бижанов Дамиль, Исина Анель, Жумабай Гауһар, Жанабаев Дархан және Бектур Дамир ие болды.
Сонымен қатар, «Рақым» бөлімінің тәрбиеленушілері Скрипник Олег пен Айтпай Амин қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Осындай сайыстар ұлттық өнерді дәріптеп, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін арттыра түседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1184695?lang=kk

Жауап қалдыру