Ұлттық орталық музейде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Наурызнама онкүндігі аясындағы Жаңару күніне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» мәдени-танымдық іс-шарасы өтті.

Іс-шара Наурызнама онкүндігінің маңызын айшықтап, ұлт тарихында «жаңару» кезеңінің орны бөлек болғанын көрсетті. Сонымен қатар барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.

Бағдарлама көңлді ән-бимен жалғасты. Жасанды интеллект көмегімен қазақ халқының жол ашып, ақ тілек арнау дәстүрін бейнелейтін «Батамен жаңару» рәсімі сахналанды. Рухани мәнге ие бұл ғұрып арқылы үлкендердің батасы адамға бағыт-бағдар беріп, жаңа бастамаларға ақ жол ашатын тағылымды дәстүр ретінде көрсетілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1185444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді