
Наурызнама онкүндігі аясында «Келешек мектептері» жобасы бойынша салынған №82 жалпы білім беретін орта мектебінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мазмұнды шара ұйымдастырылды.
🌞 Іс-шара барысында қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне қатысты ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері сахналанды. Атап айтқанда, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, сырға салу және ұзату сияқты дәстүрлер көрсетілді.
Бұл көріністер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңызы, қыз балаға деген құрмет, отбасы құндылықтары және салт-дәстүрдің терең мәні түсіндірілді. Осындай бастамалар жас ұрпақта ұлттық рухты қалыптастырып, ата-бабадан қалған асыл мұраға құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Ұлттық салт-дәстүр – халқымыздың болмысын айқындайтын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани қазына. Сондықтан мұндай мазмұнды шаралар арқылы өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды танытып, дәріптеу – басты міндеттердің бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1184848?lang=kk

Жауап қалдыру