
Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы көп жылғы абыройлы еңбегімен елге қызмет еткен Сатхожина Зауреш Маратовнаны зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
Зауреш Маратовна – әділет органдарында ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет атқарып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және заң үстемдігін нығайтуға елеулі үлес қосқан білікті маман. Өз ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігі, кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттері арқылы әріптестерінің зор құрметіне ие болды.
Салтанатты жиын барысында әріптестері жүрекжарды лебіздерін білдіріп, Зауреш Маратовнаның әділет саласындағы қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.Басшылық атынан алғыс хат табысталды.
Зейнеткерлік жас – жаңа белес, өмірдің жаңа кезеңі. Осы ретте Зауреш Маратовнаға зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр және жаңа бастамаларында сәттілік тілейміз. Көп жылғы еңбектің жемісін көріп, бейнеттің зейнетін көруге тілектеспіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1184642?lang=kk

Жауап қалдыру