
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, 19 наурыз – Жаңару күніне орай, Қаратау ауданында сенбілік және аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Таскен тұрғын алабындағы Пармен көшесінің бойына 100 түп ағаш отырғызылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.
Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1185051?lang=kk

Жауап қалдыру