ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ МӘМС ТӨЛЕМДЕРІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МАҢЫЗДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқық алу үшін 12 ай бойы үздіксіз төлемдер болуы қажет.

Өкінішке қарай, ұзақ мерзімді еңбек демалыстарында ай сайынғы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемі жұмыс беруші тарапынан бір айға аударылып, келесі айына жарна түспей қалатын жағдайлар орын алады. Салдарынан жұмыскер сақтандыру мәртебесінен айырылып, МӘМС аясындағы тиісті медициналық көмекті ала алмай қалуы мүмкін.

ӘМСҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері осы және өзге де мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті кездесу Қаратау ауданы бойынша білім беру мекемелерінің есепшілерімен ұйымдастырылды. Жиын барысында сақтандыру жүйесіне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Қор филиалының «Халықты ақпараттандыру және арыз-шағымдарды қарау» бөлімінің басшысы Ахмет Беден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы кеңінен ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, ол азаматтардың сақтандыру мәртебесін анықтау, жарналар мен аударымдарды дұрыс және уақтылы төлеудің маңыздылығы, медициналық қызметтерді алу тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиында атап көрсетілгендей, демалыс бірнеше кезеңді, яғни бір айдан астам уақытты қамтитын болғандықтан, жұмыс берушілер медициналық сақтандыру төлемдерін төлем тапсырмаларында жарнаны әр айға жеке белгілеп аударулары тиіс. Дегенмен, мұндай жағдай орын алған жағдайда жұмыс беруші тарапынан төлем аударымы реттелгенге дейін, жұмыскер дербес төлеуші ретінде төлем түспеген айға 4250 теңге, яғни айлық есептік көрсеткіштің 5 пайызын аудара алады. Жарна түскеннен кейін мәртебесі сақтандырылған болады. Ал, жұмыс беруші тарапынан төлем түскен соң, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазып артық аударылған соммасын қайтарып ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1184964?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді