
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық мұрасын насихаттау, қызметкерлер арасында рухани-патриоттық құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, оның мәртебесін көтеру.
Іс-шараның барысы:
Ақынның 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек, сөйлейді Мұқағали» атты поэзиялық челленджі жоғары деңгейде өтті. Шара барысында ақынның отты жырлары мен сырлы өлеңдері оқылып, қатысушылар Мұқағали рухына тағзым етті.
Челлендж аясында мекеме қызметкерлері мен бөлім мамандары ақынның шығармаларын жатқа оқып, бейнежазбалар арқылы эстафетаны бір-біріне жолдады. Әрбір қатысушы Мұқағали поэзиясының тереңдігін, оның туған жерге, анаға, махаббат пен өмірге деген шексіз сүйіспеншілігін өз орындаулары арқылы жеткізе білді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-zhylysai/press/news/details/1184913?lang=kk

Жауап қалдыру