🏗️✅Құрылыс саласы қатаң бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🏗️✅Құрылыс саласы қатаң бақылауда

🎤Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтан Аманчин өңірдегі құрылыс саласындағы бақылау жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

📄2025 жылы басқармаға жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан 1159 өтініш түсіп, олардың негізінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде 61 тексеру өткізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою үшін 50 нұсқама берілді. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтамаған құрылыс субъектілеріне қатысты 119 әкімшілік хаттама толтырылып, 50 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қаланың келбетін жақсарту және абаттандыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында басқарма қала әкімдігі мен полиция қызметімен бірлесіп тұрақты рейдтер ұйымдастырып келеді. Тексерулер барысында құрылыс алаңдарындағы тәртіпті сақтау, санитарлық талаптарды орындау және жол жамылғысын ластамау мәселелері басты назарда.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2025 жылы абаттандыру ережелерін бұзған құрылыс нысандарына 1,9 млн теңгеден астам айыппұл салынып, заң талаптарын сақтау деңгейі айтарлықтай күшейтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau-kyzylsu/press/news/details/1185803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді