19 наурыз күні, Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде кеңес өткізілді. Кеңес барысында Наурыз мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атап айтқанда, мереке күндері алкоголь өнімдерін шамадан тыс тұтынудың алдын алу, мас күйінде көлік басқармау, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кеңес барысында департамент басшысы Сербаев Мұхтар Үбәйтжанұлы сөз сөйлеп, мереке күндері әр азаматтың жауапкершілігі аса маңызды екенін атап өтті. Ол қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, заң талаптарын қатаң ұстану, әсіресе мас күйінде көлік басқаруға жол бермеу қажеттігін қатаң ескертті. Сонымен қатар, тұрғындарды өз денсаулығына мұқият қарап, тағам қауіпсіздігіне мән беруге және төтенше жағдайлардың алдын алуға шақырды.

Қатысушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

Баршаңызды Наурыз мерекесін қауіпсіз әрі мәдениетті түрде атап өтуге шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1185890?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді