19 наурыз «Жаңару күні» – табиғат пен тіршіліктің қайта түлеп, жаңғыруын білдіретін, адам санасы мен қоғам өмірінде серпіліс әкелетін ерекше мереке.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 наурыз «Жаңару күні» – табиғат пен тіршіліктің қайта түлеп, жаңғыруын білдіретін, адам санасы мен қоғам өмірінде серпіліс әкелетін ерекше мереке.
Осыған орай Тараз қаласы білім бөлімі мен Жібек жолы ауданына қарасты №70 Келешек мектебінің ұйымдастыруымен ауқымды акция өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дәріптеу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.
Іс-шараға Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім, Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Олжабаев, 9-сыныптың оқушылар және педагогикалық ұжым қатысып, мектеп аумағына 200-ге жуық тал отырғызылды.
🍃Жаңару күні – тек табиғаттың жаңарып, көктемнің келуімен шектелмейді. Бұл – адам баласының ішкі жан дүниесінің жаңғыруына, қоршаған ортаға деген көзқарасының өзгеруіне бастайтын ерекше кезең.
🌿Қазақ даналығындағы «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөздің мәні осы күні ерекше айқындала түсті.
🌱Жаңару күні – тек табиғаттың ғана емес, адамның да рухани жаңғыруының белгісі. Бұл күн әрбір жанды ізгілікке, жауапкершілікке, жасампаздыққа жетелейді. Осындай мәні терең іс-шаралар арқылы ұлттық құндылықтар ұлықталып, қоғамда экологиялық сана қалыптасады.
Тараз төрінде өткен бұл игі шара – жасыл болашаққа жасалған нақты қадам, ел ертеңіне деген сенімнің жарқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy/press/news/details/1186329?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді