«Әнет баба» мешітінде Діни бірлестіктер Клубының отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық спорт күні мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мерекесімен тұспа-тұс келді. Осы атаулы күнге орай облыстық діни бірлестіктер клубының мүшелері облыстық Әнет баба мешітіне арнайы барып, облыстың бас имамын және мешіт жамағатын Ораза айтпен құттықтады.
Кездесу барысында конфессия өкілдері ізгі тілектерін жеткізіп, өзара сыйластық пен рухани жақындастықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мешіт ауласында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара аясында қонақтар ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстарға қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын танытатын жәдігерлер көрмесімен танысты.
Сонымен қатар, қатысушылар арнайы әзірленген ұлттық тағамдар көрмесін тамашалап, қазақ дастарқанының берекесін айшықтайтын дәмнен ауыз тиді.
Іс-шара соңында қатысушылар бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, естелік сыйлықтармен алмасты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1186402?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді