Ақтөбе облысында 500-ден астам ауыр жүк көлігі сүйемелденді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында 20–31 наурыз аралығында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
Іс-шаралар аясында ауыр және ірі габаритті жүк көліктерін сүйемелдеуге ерекше назар аударылуда. Республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда, атап айтқанда «Самара–Шымкент», «Ақтөбе–Орынбор», «Ақтөбе–Астрахань» бағыттарында полиция нарядтарының тығыздығы арттырылды. Күн сайын қарбалас уақытта полиция қызметкерлері жүк көліктерін ұйымдасқан түрде сүйемелдеуді жүзеге асыруда.
Өткізіліп жатқан іс-шаралар басталғалы бері 500-ден астам ауыр жүк көлігі сүйемелденді. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолдағы кептелістерді болдырмауға және ауыр көліктердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, облыстың барлық аудандарында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Апат қаупі жоғары учаскелерде бақылау күшейтіліп, автоматты режимде жұмыс істейтін мобильді кешендер, сондай-ақ заманауи технологиялар, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) кеңінен қолданылуда.
Профилактикалық жұмыстар шеңберінде «Жолдағы қабылдау» акциясы ұйымдастырылып, жүргізушілерге заңнама талаптары түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылуда. Сонымен қатар, ауылдық округтердегі көлік иелерімен түсіндіру жұмыстары күшейтілді.
Полиция департаменті атап өтеді: әсіресе ауыр жүк көліктерін басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – жол қауіпсіздігінің басты кепілі. Полиция алдағы уақытта да жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шараларды жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1186320?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді