Баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ардақты ағайын!
Қадірлі ақтөбеліктер!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Ораза айт – рухани жаңғыру мен тазару, ізгілік пен мейірім, сабыр мен қанағат айрықша көрініс табатын мереке. Айт күндері адамдар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік артып, қайырымдылық пен жанашырлық кеңінен насихатталады.
Ұлттық құндылықтарымыз бен үндескен ата дініміз ел ішіндегі тұрақтылық пен келісімді бекемдеуге қызмет етеді.

Биыл Ораза айт мерекесінің Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келуі жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің символы ретінде маңызға ие.

Қадірлі жерлестер!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Ораза айт қабыл болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1186048?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді