
М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге ниет білдірген кандидаттармен жиын ұйымдастырылды.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде талапкерлер және олардың ата-аналарына академияға қабылдау талаптары, оқу процесінің ерекшеліктері және курсанттардың әлеуметтік жағдайлары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сондай-ақ, академия тарихы туралы қысқаша бейнеролик көрсетіліп, азаматтық қорғау саласындағы мамандықтардың маңыздылығы, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі кеңінен түсіндірілді.
Департамент қызметкерлері және академияның 4-курс студенттері үміткерлердің сұрақтарына толық жауап берді. Кандидаттар академияға оқуға түсу тәртібі, іріктеу кезеңдері және болашақ қызметтің ерекшеліктері бойынша өздерін қызықтырған мәліметтерді алды.
Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің жастарды кәсіби бағдарлауда және азаматтық қорғау саласына қызығушылықты арттыруда маңызды екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1186392?lang=kk

Жауап қалдыру