ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Департамент басшысының орынбасары Б.Досымовтың төрағалығымен Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша Сараптамалық кеңес отырысын өтті. Кеңес отырысына облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы М.Боранбаева, облыстық полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы Н.Аблаким және кәсіпорындардың еңбек қауіпсіздігі жөніндегі мамандары қатысты.
Кеңес жұмысы барысында департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б.Жұманов 2025 жылы еңбек қауіпсіздігі бағыты бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы айтып өтті. Сонымен қатар жұмыс берушілермен «Нөлдік жарақаттану – Vizion Zero» тұжырымдамасына қосылу, кәсіптік тәуекелді бағалау, құрылыс алаңында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тік бақылау жүргізу, ұйымдардағы еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысы туралы кеңінен талқыланды.
Жалпы, өткен жылы 2 кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді бағалау жүргізілсе, қазіргі таңда 7 кәсіпорын бағалау жүргізді. «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасына 38 кәсіпорын қосылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1185709?lang=kk