«География — жай ғана карталар емес!»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«География — жай ғана карталар емес!»

Семей қаласы Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 20 наурызда №20 ЖОББМ базасында «Жер коды» интеллектуалды викторина-ойыны өткізілді. Іс-шара орыс және қазақ тілдерінде оқытатын Семей қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 28 география пәнінің мұғалімін біріктірді.

Викторина өткізудің басты мақсаты — мұғалімдер арасындағы ең үздік білімділерді анықтау ғана емес, сонымен қатар оқытудың интерактивті нысандарын насихаттау болды. Қазіргі білім беру үдерісінде оқушыларға географияның тарих, өнер және мәдениетпен тығыз байланысты пәнаралық ғылым екенін көрсету өте маңызды.

Ойын 7 түрлі кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысы қатысушылардан жоғары дайындық деңгейін, сыни ойлауды және білімді стандартты емес жағдайларда қолдану қабілетін талап етті. Тапсырмалар кең ауқымды тақырыптарды қамтыды: классикалық географиялық деректерден бастап, кинематографтағы бейнеүзінділерді талдауға және географиялық нысандарға немесе құбылыстарға қатысты музыкалық шығармаларды тануға дейін.

Ойын тұжырымдамасының әзірлеушісі және жүргізушісі №20 ЖББОМ география пәнінің мұғалімі Вострикова Анастасия Андреевна болды. Ол дайындаған зияткерлік мазмұн жарысты тәжірибе алмасу мен кәсіби қарым-қатынастың қызықты үдерісіне айналдыруға мүмкіндік берді.

Қарқынды зияткерлік күрестің нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
🥇 1 орын — «Планета IQ» командасы;

🥈 2 орын — «ГеоГении» командасы;

🥉 3 орын — «Параллель 50» командасы.

Қатысушылар шараның өте жақсы ұйымдастырылғанын, ал тапсырмалардың қызықты әрі өзгеше түрде ұсынылғанын ерекше атап өтті. Мұндай бастамалар қаламыздағы география мұғалімдерінің кәсіби бірлестігін нығайтуға, педагогтерді білім беру процесіне жаңа әдістерді енгізуге ынталандыруға және өсіп келе жатқан ұрпақты сапалы оқыту үшін қажетті ынтымақтастық атмосферасын құруға ықпал етеді

 

Семей қаласының білім  бөлімі,  әдістемелік кабинет

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1186435?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді