ГРАНТ – ЖАСТАРҒА ЖОЛ АШҚАН МҮМКІНДІК: ТЕМІРЛАНДЫҚ КӘСІПКЕРДІҢ ТАБЫСТЫ ҚАДАМЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✔️Аудан орталығы Темірлан ауылында мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесін көрсететін тағы бір жарқын мысал қалыптасуда. Жас кәсіпкер Ташматова Қарлығаш 2025 жылы қайтарымсыз грант иегері атанып, өз кәсібін нық сеніммен бастап, бүгінде оны табысты түрде дамытып келеді.

✔️Қарлығаштың таңдаған бағыты – заман талабына сай шелкография және принт басу саласы. Бұл – креативті ой мен сапалы еңбекті талап ететін, сонымен қатар нарықта сұранысы жоғары бағыттардың бірі. Жас кәсіпкер қысқа уақыт ішінде өз ісінің қыр-сырын меңгеріп, тың идеяларды жүзеге асыру арқылы тұтынушылардың сеніміне ие бола бастады.

✔️Қазіргі таңда ол түрлі тойбастар өнімдерін әзірлеумен қатар, жейделер мен кепкаларға ерекше дизайндағы жазулар мен бейнелерді басып шығарады. Әрбір тапсырысқа жауапкершілікпен қарап, сапа мен талғамды үйлестіре отырып, ол өз өнімдерінің бәсекеге қабілетті болуына басымдық беруде. Соның нәтижесінде тапсырыс берушілер қатары күн санап артып, кәсібі тұрақты табыс көзіне айналуда.

✔️Айта кетерлігі, Қарлығаш тек кәсіп ашып қана қоймай, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді жолға қойып, өндіріс процесін жүйелеуге ерекше мән берген. Алдағы уақытта ол кәсібін кеңейтіп, өнім түрлерін көбейтуді, жаңа технологияларды енгізуді және қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Мұндай игі бастамалар – мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нақты нәтижесі. Сонымен қатар, бұл – жастардың еңбекқорлығы мен ізденісінің, табандылығы мен іскерлігінің айқын көрінісі.

✔️Темірландық жас кәсіпкердің бұл жетістігі – аудан жастарына үлкен мотивация беретін үлгі. Өйткені, кез келген мүмкіндік дұрыс пайдаланылған жағдайда, үлкен жетістікке бастайтды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1185582?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді