КЕЛЕСТЕ ЖАҢАРУ КҮНІ: ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ЖАН БІТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Жаңару күні – табиғатты түлету мен қоғамның жаңаруын үндейтін мазмұнды мерекелердің бірі. Бұл күні ел азаматтары игі істерге ұйысып, қоршаған ортаны көркейтуге белсенді түрде атсалысады.
Осыған орай, Түркістан облысының Келес ауданында кең көлемді көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар маңына туя көшеттері егілді. Атап айтқанда, Абай ауылындағы жаңадан салынған әлеуметтік нысандар ауласына 100 түп ағаш отырғызылды.
Аталған шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындармен бірге ағаш отырғызды.
Игі іске этнос өкілдері, ауыл ақсақалдары, жастар мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Бұл бастама ауданның экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, келешек ұрпаққа жасыл мұра қалдыруға бағытталған.
— Наурызнама онкүндігі – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қоғамды ортақ мақсатқа біріктіретін маңызды кезең. Жаңару күні аясында атқарылып жатқан әрбір игі іс – болашаққа бағытталған нақты қадам. Табиғатты қорғау мен көгалдандыру – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деп атап өтті шара барысында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.
Айта кетейік, Наурызнама онкүндігі шеңберінде Келес ауданында түрлі мәдени-көпшілік және экологиялық іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1186002?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді