Көксу аудандық полиция бөлімінде мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Шараның мақсаты – жас ұрпақты полиция қызметінің жұмысымен таныстыру және құқық қорғау саласына қызығушылықтарын арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар полиция бөлімінің күнделікті қызметімен танысып, заманауи цифрлық даму бағыттары туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, оларға криминалист мамандарының жұмысы көрсетіліп, түрлі сараптамалық құрал-жабдықтар таныстырылды.
Ерекше қызығушылық тудырған бөлімдердің бірі – қызметтік иттердің жұмысы болды. Оқушылар кинолог мамандардың қызметімен танысып, иттердің қылмысты ашудағы рөлі мен дайындық кезеңдері туралы білді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып қана қоймай, болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1186379?lang=kk

Жауап қалдыру