
2026 жылғы 12 наурызда мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Н. Бейсембин мен А.В. Сергеев көктемгі дала жұмыстары қарсаңында «Кондрат тәжірибе көрсететін орман питомнигі» ЖШС қызметкерлері үшін семинар өткізді.
Іс-шара барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері, соның ішінде қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталмауы, жұмыс беруші тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі және қызметкерлердің хабардар болу деңгейінің төмендігі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, тәуекелдерді азайту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша практикалық шаралар қарастырылды.
Бұдан бөлек, инспекторлар жазатайым оқиғалар орын алған жағдайдағы қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін, мұндай оқиғаларды тергеп-тексеру және ресімдеу тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістерді түсіндірді. Құқықтық сауаттылықты арттырудың және жұмыс беруші немесе әріптестер тарапынан болатын қысым мен мәжбүрлеудің әртүрлі нысандарын, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
#Qurmet
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1186053?lang=kk

Жауап қалдыру