«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ қызметкерлеріне арналған Семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті РММ-нің мемлекеттік еңбек инспекторы Валеев А.М. «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында қатысушыларға еңбек заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, еңбек құқықтары мен міндеттерін сақтау мәселелері бойынша практикалық ұсынымдар берілді.

Заңнамадағы өзекті өзгерістерге, еңбек қатынастарын рәсімдеу тәртібіне және қызметкерлердің құқықтарын қорғау тетіктеріне ерекше назар аударылды. Семинар қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мемлекеттік еңбек инспекторынан жан-жақты жауаптар алды.

Осындай іс-шараларды өткізу құқықтық мәдениетті арттыруға және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1185695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді