Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құықтық актілері туралы» Заңның 65 бабының 3 тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мақаншы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 28
«Мақаншы ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысының қосымшасына төмендегідей енгізілсін:
Мақаншы ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамынан У.К. Сайболатова, А.М. Нурдыева, Ж.Д. Шукибаева шығарылып, комиссия мүшелері ретінде «Мақаншы ауданы білім бөлімі» ММ-нің әдіскер- психологы Берикова Анара Бериковна, «Мақаншы ауданы білім бөлімі» ММ-нің бас маманы Кумашева Гульнур Жумашевна, «Мақаншы ауданы білім бөлімі» ММ-нің қорғаншылық және қамқоршылық бойынша бас маманы Рахметова Шынар Калыкбековна, Мақаншы ауданының ПБ ҚҚБ-нің бастығы полиция майоры Нургалиев Ербол Жасанбекович, «Мақаншы ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық болімінің басшысы Казембеков Сая Куанышбекович енгізілсін.
- Комиссияның өзгертілген құрамы Мақаншы аудандық маслихатының кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р. Абдрахмановқа жүктелсін.
Аудан әкімі Д. Койгельдин
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-makanshy/press/news/details/1186395?lang=kk

Жауап қалдыру