
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Алматыдағы кәмелетке толмағандар жазасын өтейтін мекемеге келді
Сапар барысында Омбудсмен сотталған балалардың тұрмыс жағдайымен, тамақтану және медициналық қызмет көрсетудің сапасымен танысып, азаматтарды жеке қабылдады. Сонымен қатар Артур Ластаев мекеме кітапханасына кітаптар табыстады.
№11 мекемесі – Қазақстандағы кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған жеке камералық жүйесі бар алғашқы заманауи мекеме. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында халықаралық талаптарға сай салынған мекеменің жаңа ғимараты 2025 жылғы 5 желтоқсанда ашылды. .
Колонияда сотталған жасөспірімдерге барлық жағдайлар жасалған. Білім беру, тәрбие жұмысы және әлеуметтік бейімделу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ аталған мекеменің спорт базасында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кубогы үшін шағын футболдан алғашқы турнир өтті.
Турнирге балалар колониясының,«Рузаевка» және «АРД» балалар мен жасөспірімдер клубтарының құрама командалары қатысты.
Үш команданың ішінен жеңіс тұғырына «Рузаевка» құрамасы көтерілді. Жеңімпаздарды марапаттау кезінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев сөз сөйлеп, «Сіздер футболдың шекараға қарамайтынын көрсеттіңіздер. Ең бастысы спорт пен белсенді өмір жолын таңдауларыңыз – болашақтағы үлкен жеңістің алғашқы қадамдары», – деді.
Омбудсмен «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы», «Белсенді жанкүйер» номинациялары бойынша жеңімпаздарға дипломды өз қолымен табыс етті.
Балалар мекемесінің аумағында өткен алғашқы шағын футбол турнирі тек спорттық шара ғана емес, маңызды әлеуметтік бастамаға айналды. Мұндай турнирлер салауатты өмір салтын насихаттауда, жастарды тәрбиелеуде де маңызды рөл атқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1186077?lang=kk

Жауап қалдыру