Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін меңгеруді арттыру мақсатында «Қазақшаң қалай?» атты байқаулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қазақ әндері мен билерін орындауға арналған балалар фестивальдері өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың көркем сөзге деген қызығушылығын арттыру мақсатында мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылып, олардың тіл байлығы мен сөйлеу мәдениеті дамытылды. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін тереңдету үшін интеллектуалдық викториналар өткізілді.
Аталған іс-шараларға Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдері қатысып, өзара достықты, сыйластықты және мәдени әртүрлілікті дәріптеуге мүмкіндік алды. Осы іс-шараларға мектепалды даярлық сыныбынан Громин Адам белсене қатысып, өзінің білімін, өнерін және қазақ тіліне деген қызығушылығын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1185949?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді