
Бүгін Мемлекеттік қазынашылық комитетінің ұжымы жаңару мен бірліктің, береке мен ырыстың символына айналған Наурыз мейрамын салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік іс-шаралар әріптестерді ұлттық дәстүрлер аясында біріктірді.
Бұл күннің маңыздылығын 20 наурыз – Ұлттық спорт күнімен тұспа-тұс келуі айшықтай түсті. Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің ептілігі мен күш-жігерін, командалық рухын көрсетті. Спорттық сайыстар көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.
Сонымен қатар, қызметкерлер Наурыз-көже мен өзге де ұлттық тағамдар ұсынылған мерекелік дастарханнан ауыз тиді.
Мерекелік шараның шарықтау шегі ретінде концерттік бағдарлама – күмбірлеген күй мен сыңғырлаған ән көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қызметкерлер өнерпаздарға ерекше құрметпен қол соғып, олардың шеберлігіне тәнті болды. Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеудің және ұжым бірлігін нығайтудың жарқын көрінісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1186342?lang=kk

Жауап қалдыру