МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметшіледің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік құқықбұзушылық жағдайларын болдырмау және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талаптарын қатаң сақтау және болдырмау бойынша атап өтілді.

Сонымен бірге, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға болмайтындығы туралы қатаң ескертіліп, оның зардаптары бойынша түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1186429?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді