
Наурыз мерекесіне орай «Алдияр» шаруа қожалығы және Есимжанов М. шаруа қожалығы тарапынан қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жалғызбасты тұрғындарға азық-түлік себеттері таратылды.
Бұл игі іс – ұлттық мереке қарсаңында қоғамдағы әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетудің және қайырымдылық мәдениетін дамытудың айқын көрінісі.
Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/1186074?lang=kk

Жауап қалдыру