
Тасқала ауданында «Шаңырақ – бақытты отбасының бастауы» тақырыбында ауыл қарияларымен кездесу өтті.
Шаңырақ – қазақта киелі саналатын ұғым. Киіз үйдің жоғарғы бөлігі, күмбез тәріздес шаңырақ уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ – отбасы бірлігінің сиволы.
Кездесуде отбасылық құндылықтар дәріптеліп, үлгілі әулеттер насихатталды.
Алтын шаңырақ иелері – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтардың сақтаушылары. Олардың өмір жолы – адалдық, сүйіспеншілік және өзара құрметтің жарқын үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1186372?lang=kk

Жауап қалдыру